ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БОС ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-03 ( 2023 жылдың 16 қазанынан 2023 жылдың 2024 жылдың 19 ақпаны аралығында негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы кезінде), (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).*

Функционалдық міндеттері: Бөлімдегі іс-қағаздардың нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуін бақылайды.Іс жүргізу, ақпараттық жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, номенклатуралық істерді жүргізеді, біліктілігін көтеру бойынша өкілетті және атқарушы органдардың мемлекеттік тілде бекітуге ұсынылатын нормативтік актілерді рәсімдеу және арыз-шағым бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету.1-ЕUOL бағдарламасының жүргізілуін қадағалау. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.Архивке қатысты құжаттардың жүргізілуіне жауапты.Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, бұқаралық ақпарат құралдарына сараптамалық шолу, басылымдар жарияланымдарына контент-талдау жасау және бағдарламаларға мониторинг жүргізеді, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, қоғамдық кеңес және бас редакторлар отырыстарын ұйымдастырады, аудандық басылымдарда мемлекеттік тапсырыс бойынша шығатын мақалалардың тізімін әзірлейді, материялдардың шығуын қамтамасыз ету, бөлімнің құзыретіне қатысты хаттарды, өтініштерді, заңды және жеке тұлғалардың арыз шағымдарын қарайды, бекітілген медиа жоспардың орындалуын бақылауда ұстайды, мемлекеттік  ақпараттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік сатып алулар конкурстарын өткізеді. І-ІІ жарты жылдықта мерзімдік басылымдарға жазылуды бақылайды. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық Ақпарат құралдары» туралы Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Облыс әкімі мен облыс әкімдігінің басқармалары тарапынан бекітілген индикаторлар мен келісімдердің орындалуын жүзеге асырады, қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Тарих-дінтану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі немесе философия, дінтану, шығыстану, теология, түркітану, исламтану, филология, шетел филологиясы немесе саясаттану немесе экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктері туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-02, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Мәдениет саласы және тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша заңға сәйкес жұмыстарды жүргізу.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеп, уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыс жүргізу, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,  «Е-gov» бойынша анықтамаларды беру. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау карточкаларын толтыру, олардың есебін жүргізу. Аппарат қызметкерлерінің (келісім шарт бойынша) жеке іс құжаттарын, еңбек кітапшаларын жүргізу және  сақтау.Техникалық қызмет көрсету персоналының еңбек шарттарын жасап, басқа да құжаттарын жүргізу. Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу.Мұрағат  құжаттарының ведомстволық және жеке мұрағатқа қабылдануын, сақталуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын, ведомстволық сақтауда тұрған құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету.Аппарат жанында құрылған комиссиялардың ісін жүргізу. Аппараттағы іс-қағаздарды жүргізу, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Нотариаттық іс-әрекеттерін жүргізу. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша құжаттарын заңдастыруға көмектесу. Ауылдық округі әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындау. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы өткізу. Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу. Ауылдық округі әкімінің халық алдында есеп берудегі айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша іс-шаралар дайындау, олардың іске асырылуын орындау. Номенклатураға сәйкес қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және оларды қайта даярлау бойынша есеп жүргізеді.Қызметкердің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат дайындайды, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын орындау. Елтаңбалы бланктерді тіркеу бойынша жұмысты жүргізу. ҚР Бас прокуратурасының «ЕУОЛ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша әр ай сайын аудандық мемлекеттік органдар мен мекемелерден түскен өтініштердің статистикалық есебін жүргізу.  Ноғайбай ауылдық округінің төлқұжатын дайындау. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды және қысқы кезенде көшелерді қардан тазалауды жүргізу. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру жұмысын орындау. Округ тұрғындарымен өткізілетін жиындардың құжаттарын дайындау.Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Жер»,  «Су», «Орман», «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4, 1-бірлік, № 01-09, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты.  Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медециналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу.Жергілікті қауымдастық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру.Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Жарықтандыру бойынша барлық жұмыстарды қадағалау.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу. Бөлім арқылы бюджет есебінен жаңадан салынатын құрылыс нысандарына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламаны әзірлеп, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына «elicense.kz» порталы бойынша электронды түрде тапсыру. Бюджеттік құрылыс  нысандарының Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға қажетті бастапқы материалдарды өз кұзіреті шегінде  дайындау. Бөлім мен  мердігерлер және жобалаушы ұйымдар арасында құрылған келісім-шарттар бойынша құрылыс жұмыстарының орындалуын қадағалау. Құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне дейінгі жұмыстарын өз міндеттеріне қатысты үйлестіру. Аудан әкімдігінің отырыстарына өз құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы мәселелері бойынша материалдар, ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шығымдарға мерзімінде мәлімет даярлау. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және басқа материалдардың дайындалуын жүзеге асыру. Кіріс-шығыс құжаттарының уақытылы және сапалы орындау. Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген, бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді өзге де функцияларды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардан жеке меншігіне және ведомстволық қарамағына қарамастан мемлекеттік мекемелерден ақпарат алу. Бөлімнің архивын жүргізу. Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады. Еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Тоқсандық, жылдық есептілікті тапсырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Графика немесе мүсін немесе дизайн немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе автоматтандыру және басқару немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе сәулет немесе геодезия және картография немесе  құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе  жерге орналастыру немесе кадастр немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

*(Ескерту:Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100 бабына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті)

Leave A Reply

Your email address will not be published.