ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БОС ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік, № 01-11-02 ( 2023 жылдың 15 қарашасынан 2024 жылдың 30 маусымы аралығында негізгі қызметкердің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша магистратурада оқу мерзімінде), (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын қалыптастыру, кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды орындау жұмыстарын жүргізу. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі жұмыстарының тиянақты орындалуын, яғни мемлекеттік қызметшілер мен жұмыскерлер туралы жеке іс-қағаздарының, оларға қатысты кадрлық жай-күйлердің мерзімінде енгізілуін қамтамасыз ету. «Е-қызмет» жүйесінде мемлекеттік органдар қызметінің белсенділігінің (мемлекеттік органдардың автоматтандырылған тәртіпте өңделетін құжаттар саны, бір қызметкерге орташа есеппен алғанда) – 10 құжатты құрауын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінің  жеке іс қағаздарын жүргізу.  Аудан әкімі аппаратының келісім шартпен жұмыс атқаратын қызметкерлерінің іссапарлар және еңбек демалыстары туралы өкімдердің, бұйрықтардың жобаларын дайындау.  Аудан әкімі аппаратының келісім шартпен жұмыс атқаратын қызметкерлерінің қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізу, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасау және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Еңбек заңнамасына, ережелерге, басшылықтың өкімдері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша белгіленген басқа құжаттамаға сәйкес аудан әкімі аппаратының келісім шартпен жұмыс атқаратын қызметкерлерінің жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және жұмыстан босатуды рәсімдеу. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының және оларға қосымша парақтардың есебін жүргізу. Еңбек кітапшаларын және оларға қосымша парақтарды қабылдау және беруді тіркеуді жүргізу. Басқа мекемелерге ұсыну үшін қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру. Қызметкердің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат дайындайды, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалау.  Кадрлар қозғалысын және олардың тұрақтамау себептерін зерделеуге, оны азайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу.  Ай сайынғы тоқсандың, жылдық және статистикалық есептерін уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау және жұмыс барысында ескеру. Ұялы байланыс құрылғыларын мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (бұдан әрі  — МО БКО), жергілікті атқарушы органдардың желісіне, МО БКО құрамына кіретін техникалық құралдарға қосылуына жол бермеу туралы талапты орындау. Аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігі бөлімдерінің, қала және ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерін аттестациялауды ұйымдастыру. Статистикалық есептердің уақытылы берілуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін есептеу комиссияның жұмысын жүргізу. Бөлімше басшысының қызметтік тапсырмаларын орындау. Жоғарғы органдарға ұсынылатын жедел ақпараттардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округтер әкімдері аппараттарындағы кадрлармен жұмысты зерделеп, жинақтап қорытындылап және оңды жұмыс тәжірибесін таратып, оның түрлері мен әдістерін енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарының орындалуын уақытылы қамтамасыз ету.  Бөлімде  бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан  әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жұмыстарды атқару. Аудан әкімінің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының, бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану немесе халықаралық қатынастар немесе экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, халықаралық құқық немесе ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін»,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын және функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік, № 01-11-03 (2023 жылдың 15 қарашасынан 2024 жылдың 15 наурызы аралығында негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы мерзімінде), (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын қалыптастыру, кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды орындау жұмыстарын жүргізу. Қордай ауданы әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің әскери міндеттілерінің,әскер қатарына шақырылғандарының және запастағы офицерлерінің әскери есебін жүргізу мен броньдау (бекітіп қою) жұмыстарын орындау. Қордай ауданы әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің  әскери есебін жүргізу. Номенклатураға сәйкес аудан әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің оқыту, оның ішінде олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша жұмыстарды жүргізу. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізу. Аудан әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді арнайы тексеруден өткізу үшін құжаттар дайындау. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне аппараттың мемлекеттік қызметшілері бойынша сұраныс жолдау. Аудан әкімі аппараты мен аудан әкімдігінің бөлімдерінің мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінің  жеке іс қағаздарын жүргізу. Мемлекеттік наградалар бойынша, оның ішінде көп балалы аналардың құжаттарын дайындау.  Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттауды ұйымдастыру. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау және жұмыс барысында ескеру. Ұялы байланыс құрылғыларын мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, жергілікті атқарушы органдардың желісіне, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының құрамына кіретін техникалық құралдарға қосылуына жол бермеу туралы талапты орындау. Аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігі бөлімдерінің, қала және ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің қызметтерiн бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткен құжаттарды мұрағатқа сақтауға өткізуге дайындау. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарындағы тәртіп пен тазалықты ретке келтіруді бақылауда ұстау. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің жылдық еңбек демалысына шығу графигін жасау және қызметкерлердің туылған күндерінің мерзімінде аталып өтуін қадағалау. Ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткен құжаттарды мұрағатқа сақтауға өткізуге дайындау. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарындағы тәртіп пен тазалықты ретке келтіруді бақылауда ұстау. Бөлімше басшысының қызметтік тапсырмаларын орындау.Жоғарғы органдарға ұсынылатын жедел ақпараттардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Аудан әкімдігі бөлімдеріндегі кадрлармен жұмысты зерделеп, жинақтап қорытындылап және оңды жұмыс тәжірибесін таратып, оның түрлері мен әдістерін енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарының орындалуын уақытылы қамтамасыз ету.  Бөлімде  бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан  әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жұмыстарды атқару. Аудан әкімінің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының, бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану немесе халықаралық қатынастар немесе экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, халықаралық құқық немесе ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін»,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын және функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-05, (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қаражаттық қызметті бақылау. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту және жетілдіру, төлемақы құжаттарын рәсімдеу және тіркеу, бюджеттен қаражатты аудару үшін жинақтау рұқсаттарды тіркеу  және рәсімдеу. Кіріс түсімдерін есептеу, басқа ұйымдармен есептер бойынша операция жүргізу. Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуына және оның жоғарғы деңгейде орындалуына жауап береді. Аналитикалық есеп жүргізу, есептегі қалдықтарды бақылау, жинақ қаржыландыру жоспарының төлемдер мен міндеттемелерін орындалуын қамтамасыз ету. Жеке істерді жүргізу, біліктілігін көтеру бойынша өкілетті және атқарушы органдардың мемлекеттік тілде бекітуге ұсынатын нормативтік актілерді ресімдеу. Бөлімнің бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу, есеп құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, банк құжаттарын, төлем тапсырмаларын жолдау және тиісті мекемелерге берілетін мәліметтерге бақылау.Смета шығыстары мен штаттық кесте дайындау, бағдарламалар бойынша бекітілген қаржының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Бөлінген қаржының мақсаты және толық игерілуін қамтамасыз ету.Бөлімнің  кадрлық  қызметін  жүргізу.Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты.Еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен  өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің  бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу.Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына сәйкес шаруашылық және қаржы қызметін есепке алуды ұйымдастыруға жауапты. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың, кіретін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының есебін ұйымдастырады, олардың қозғалысына, өндіріс пен бөлу шығындарының есебіне, шығындар сметасын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуына байланысты бухгалтерлік операциялардың шоттарын уақытылы көрсетуге, қаржылық нәтижелер, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және несиелік операциялардың жүргізілуіне жауапты. Қаражаттың кірісі мен жұмсалуы, бюджеттің, өзге де бухгалтерлік және статистикалық есептің пайдаланылуы туралы бухгалтерлік баланс пен жедел жиынтық есептердің дайындалуын, белгіленген тәртіпте тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4, 1-бірлік, № 01-15, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Азық түліктің бағаларын және жанар жағар май тауарларының бағаларының тұрақтылығын қадағалайды. Жергілікті аумақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларды, Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастырады, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру іс-шара жоспарын дайындайды. Округ аймағындағы барлық меншіктегі кәсіпорындары мен кіші және орта кәсіпкерлік нысандары, өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын-энергетикалық кешендерін дамыту салаларының мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу.Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін тарту мен дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Кәсіпкерлермен дүкен сауда орталықтарының атауларының дұрыс жазылуын қадағалайды. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуды жүргізу. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу. Салық пен басқа да міндетті төлемдерінің жиналуын қамтамасыз етеді. Екпе алу бойынша барлық жұмыстарды жүргізеді. Жәрмеңкені ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.