Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарлама

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: zh.dadabaeva@zhambyl.gov.kz, otdelkadr17@mail.ru.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-06, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің  бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу.Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына сәйкес шаруашылық және қаржы қызметін есепке алуды ұйымдастыруға жауапты. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың, кіретін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының есебін ұйымдастырады, олардың қозғалысына, өндіріс пен бөлу шығындарының есебіне, шығындар сметасын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуына байланысты бухгалтерлік операциялардың шоттарын уақытылы көрсетуге, қаржылық нәтижелер, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және несиелік операциялардың жүргізілуіне жауапты. Қаражаттың кірісі мен жұмсалуы, бюджеттің, өзге де бухгалтерлік және статистикалық есептің пайдаланылуы туралы бухгалтерлік баланс пен жедел жиынтық есептердің дайындалуын, белгіленген тәртіпте тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-12, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.. Қатты және сұйық қалдықтарды тастау полигонына қатысты барлық жұмыстарды жүргізеді. Ауылдық округтегі жолдардың және көпірлердің техникалық жағдайын зерделеп, қадағалау. Жол белгілері бойынша барлық жұмыстарды жүргізеді.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  немесе білім саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-11, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Әскери міндеттілерінің есебін жүргізеді. Әскери қызмет жалпы әскери міндеттілік шақырудың 2 бөлімшесінің сұрақтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Шақырылым бойынша жоспарды орындап, мониторинг пен талдау жүргізеді.Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Құқық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметімен бірлесіп өзара қарым-қатынас жұмыстарын үйлестіреді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды және қысқы кезенде көшелерді қардан тазалауды ұйымдастыру. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  немесе білім саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.