ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БОС ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Е-R-1 санаты бойынша:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
E-G-3 санаты бойынша:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
E-G-4 санаты бойынша:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.
1. Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, Е-R-1 санаты, 1 бірлік №02-01, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 354 069 теңгеден бастап 406 714 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс, аудан әкімдерінің ішкі саясатын жүргізу, нығайту мен дамыту, бөлімнің жұмыс жоспарының дайындалуын қамтама-сыз ету, аудан әкімінің мақсатты бағдарламалары мен жұмыс жоспарын дайындауға қатысу. Бақылауда тұрған Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс, аудан әкімдерінің ішкі саясаты сұрақтары бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын бақылау жасау.Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын үйлестіре, ұйымдастыра білу, барлық ішкі саясат жүргізуге қатысты мекемелер, кәсіпорындар және қоғамдармен өзара қарым-қатынас жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мамандығы: Мәдениеттану немесе шығыстану немесе дінтану немесе теология немесе филология немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе әлеуметтану немесе саясаттану немесе журналистика немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе қоғамдық байланыс немесе құқықтану.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Е-R-1 санаты, 1 бірлік №02-07, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 354 069 теңгеден бастап 406 714 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмысын ұйымдастырып қадағалайды. Идеология және көрнекі үгіт-насихат жұмыстарын қамтамасыз ету. Мемлекеттік, облыстық, аудандық терроризм, экстремизм, дін саласына қатысты іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту іс-шаралары бойынша жұмыстарды қадағалау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік рәміздердің заң талаптарына сай болуын қадағалау. Кіріс-шығыс құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау. Ауыл әкімінің аудан әкімі мен және бөлім басшыларымен келіскен индикаторлардың уақтылы орындалуын бақылау. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыс жүргізу. Спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, нұсқаушылар құрамына және спорт түрлерінен төрешілеріне талапқа сәйкес, разрядтар мен категориялар беруді қадағалау. Бөлімнің жұмыс жоспарларын бекіту.Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді қадағалау. Ауданның дене шынықтыру және спорт саласындағы экономикалық және статистикалық есебін жүргізеді, тоқсандық, жылдық есептерін дайындайды және жоғарғы органдарға өткізілуін қамтамасыз етуді бақылау. «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Еңбек туралы» Заңдарының, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және көпшілік – спорт жарыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі мен санитарлық – гигиеналық норма ережелерінің сақталуын қадағалау. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының дене шынықтыру және спортты дамытудағы мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын, материалдық-техникалық базаны нығайту, халықтық көпшілік спорт ұлттық және техникалық спорт түрлерінің дамуын, спорт ізбасарларын дайындау және іріктеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Бөлімнің негізгі қызмет бойынша бұйрықтарын жүргізеді. Еңбек ұжымдық шарттарын құру. Мұрағат құжаттарының ведомстволық және жеке мұрағатқа қабылдануын, сақталуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын, ведомстволық сақтауда тұрған құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етуді қадағалау. Бөлімдегі іс-қағаздарды жүргізу, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Бөлімнің ұйымдастыру, өндірістік және жеке құрам бойынша бұйрықтарын жүргізілуін бақылау. Бөлімде құрылған комиссиялардың жұмысына қатысады, ұсыныс беру. Кәсіптік деңгейін жоғарылату мен тәжірибесін арттыру үшін қайта даярлау, біліктілікті көтеру курстарына қатысып өз білімін жетілдіру мақсатында іздену жұмыстарымен айналысады, іс-сапармен түрлі спорттық іс-шараларға қатысу. Бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратып, белгіленген мерзімде орындалуын қадағалау. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақталуын қадағалайды.Бөлім басшысы жұмыста болмаған жағдайда (іс-сапарда, еңбек демалысында,т.б.) қызметтік міндеттері бөлімінің қызметкеріне жүктеледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Ауқатты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік, № 01-07, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Әскери міндеттілерінің есебін жүргізу.Шаруашылық кітабымен салыстырудың кестесін жасау, үй үйді аралап, өз уақытысында есеп журналын жүргізу.Әскери қызмет жалпы әскери міндеттілік шақырудың 2 бөлімшесінің сұрақтарының орындалуын қамтамасыз ету. Шақырылым бойынша жоспарды орындап, мониторинг пен талдау жүргізу. Құқық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметімен бірлесіп өзара қарым-қатынас жұмыстарын жүргізу.Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жүргізу. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
4. Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік, № 01-05, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, шаруашылық кітаптарын жүргізу, шаруашылық кітаптарының алфавиттік кітаптарын жүргізеді. Ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының Заңдарын Үкіметтің қаулылары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен Жарлықтарын жеткізіп түсіндіруге жауапты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу. Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесі жұмысын қамтамасыз ету.Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілеріне ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру. Ауылдық округ аумағындағы жер мәселелері бойынша материалдар, ақпараттар дайындау, жер учаскесін алуға азаматтардың тізімін жүргізу және орындалуын қадағалау.Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Берілген анықтамаларды тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді. «Е-gov» бойынша жұмысты жүргізу. Ономастика саласы бойынша көше атауларының және реттік нөмерлерін шаруашылық кітап бойынша бақылайды және жұмыстар жүргізеді.Кіріс-шығыс құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуын қадағалайды және жауапты.Қордай ауданы әкімі мен Қарасай ауылдық округі арасындағы келісімдер бойынша жұмыстарын жүргізеді және орындалуы бойынша мамандармен тығыз байланыста болады. Мемлекеттік, облыстық, аудандық терроризм, экстремизм, дін саласына қатысты сұрақтары, қылмысқа қарсы күрес туралы бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етіп, арнайы құрылған комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-06, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу.Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу.Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу.Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу.Жергілікті қауымдастық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Округтегі сыртқы жарнамалық ақпараттандыру құралдарын орналастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
6. Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізу, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасау. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерін орындау. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы жүргізу. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп, дұрыс жүргізілгендігі туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүргізу.Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
7. Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік, №01-09, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты.Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу.Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
8. Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізу, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасау. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерін орындау. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы жүргізу. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп, дұрыс жүргізілгендігі туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүргізу.Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу.Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
9. Қасық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік, № 01-03, (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2023 жылдың 25 наурызына дейін), (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Автоматтандырылған «Е-халық» жүйісі жұмысын қамтамасыз ету. Тұрғын үйлер туралы мәліметтерді өзектендіру. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдау, азқамтылған отбасыларының тұрмыс жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу және жинақталған құжаттарды тиісті мекемеге өткізу. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыс жүргізу, талаптарға сай қажетті анықтамалар беру, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау және есептерді уақтылы ұсыну. «Е-gov» бойынша анықтамаларды беру.«Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша, т.б қорлардан несие алуға, құжаттарын заңдастыруға көмектесу. Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілеріне ұсыну жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік саласы бойынша жұмыстарды жүргізу. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне күнделікті есебін тапсырады, жұмыссыздық жүйесін жетілдіру бағдарламасының орындалуын жүргізу. Қордай ауданы әкімі мен Қасық ауылдық округі арасындағы келісімдер бойынша: кәсіпкерлік негіздерін оқыту, шағын несиемен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылатын отбасыларының еңбекке қабілетті азаматтарын белсенді шараларға тарту, қысқа мерзімді кәсіби оқу курстарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, ақылы қоғамдық жұмыс орындарын құру жұмыстарына ауыл тұрғындарын тарту жұмыстарын жүргізу.Жалпыға бірдей құқықтық білім беру жұмысын орындау.Спорт саласына қатысты барлық мәселелер бойынша жұмыс жүргізу.Пандус орнату және санитарлық бөлмемен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізу.Әйелдер және ардагерлер кеңесінің жұмысын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
10. Отар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-08, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтегі құнды заттардың ай сайынғы есебін жүргізу,айлық, тоқсандық, жылдық баланыстарды, бухгалтерлік кәртішкелер есебін, айналым ведомостарын, басқа бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Сенім хаттардың есебін жүргізу, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру. Іссапарлар кітабын жүргізу, мүліктік түгендеу тізімдемелерін жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, өткізу. Есеп кітабын және айлық жалақы, демалыстарды есептеу, қазынашылық құжаттары. Төленетін қаржы реестрін, тапсырыс реестрін, өнім берушінің келісім шарттары реестрін, анықтамалар реестрін, табыс салығының кітабын жүргізу. Қаржы тапсырыстары келісім – шарттардың орындалуын, төленуін қаржылар есебін, есептердің мерзімінде және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету.Бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша салық комитеті, қазынашылық басқармасы, статистика басқармасы, әкімдіктің бөлімдерімен өз ара іс қимыл жасау. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарывның, Үкімет Қаулыларывның, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу, жабдықтар мен материалдар, статистикалық, бухгалтерлік есептерін жүргізу, қаржылық әрекеттер жасапқаржы жоспарлары жұмыстары үйлестіреді.Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты.Қаржыландыру жөніндегі есеп берулерге, жұмыс уақытын есепке алу табелдерге, мүлікті материалдық құндылықтарды және активтерді түгендеу бойынша құжаттар мен актілермен жұмыс жүргізуге, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік төлемдерді уақытылы аудару бойынша жұмыс жасау, арнайы мемлекеттік және өзге де жәрдемақылардың еңбекке жарамсыздық парақтар мен материалдық көмек беру туралы құжаттармен жұмыс жасау, қызметкерлерге еңбек ақы беру кітабымен, қызметкерлердің іс сапары туралы құжаттармен жұмыс жасау. Негізгі құралдарды өзге де мүліктерді есепке алу журналымен жұмыс жүргізу, негізгі қорларды қайта бағалау, негізгі құралдардың амортизациясын анықтау, ұйым мүлкінің құнын бағалау туралы құжаттармен, сенім хаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді. Салықтың барлық түрлері бойынша салық деклорациясы туралы есептер жүргізу. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
11. Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-07, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу.Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
12. Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 cанаты, 1 бірлік, № 01-08 (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі және әкімнің орынбасары тапсырған нұсқауларын және берілген тапсырмаларын орындау. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін тарту мен дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.Барлық салық төлемдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыстарын үйлестіреді. Ауыл тұрғындарын қабылдап, азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру.Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды және қысқы кезенде көшелерді қардан тазалауды ұйымдастыру. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар, кіші және орта кәсіпкерліктің, жеке кәсіпкерлердің өсуі мен дамуы салалары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, өзара қарым-қатынас жасайды. Ауылдық округтегі шағын және орта кәсіперлік нысандары мен көрнекі жарнамалары бойынша жұмыстарды қадағалап, үйлестіреді. Ауыл әкімінің тұрғындары мен өткізілетін жиындарды өткізуін ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.Округтегі елді мекендердегі барлық жеке меншік нысандарының «қызыл сызық» нормаларын бұзуы, заңсыз құрылыстары бойынша жұмыстарды жүргізу. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
*(Ескерту:Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100 бабына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті).

Leave A Reply

Your email address will not be published.