Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: zh.dadabaeva@zhambyl.gov.kz, otdelkadr17@mail.ru.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу. Бөлім арқылы бюджет есебінен жаңадан салынатын құрылыс нысандарына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламаны әзірлеп, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына «elicense.kz» порталы бойынша электронды түрде тапсыру. Бюджеттік құрылыс нысандарының Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға қажетті бастапқы материалдарды өз кұзіреті шегінде дайындау. Бөлім мен мердігерлер және жобалаушы ұйымдар арасында құрылған келісім-шарттар бойынша құрылыс жұмыстарының орындалуын қадағалау. Құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне дейінгі жұмыстарын өз міндеттеріне қатысты үйлестіру. Аудан әкімдігінің отырыстарына өз құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы мәселелері бойынша материалдар, ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шығымдарға мерзімінде мәлімет даярлау. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және басқа материалдардың дайындалуын жүзеге асыру. Кіріс-шығыс құжаттарының уақытылы және сапалы орындау. Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген, бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді өзге де функцияларды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардан жеке меншігіне және ведомстволық қарамағына қарамастан мемлекеттік мекемелерден ақпарат алу. Бөлімнің архивын жүргізу. Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады. Еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Графика немесе мүсін немесе дизайн немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе ақпараттық жүйелер немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері немесе автоматтандыру және басқару немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе сәулет немесе геодезия және картография немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе жерге орналастыру немесе кадастр немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-3, 1 бірлік, № 01-03, (2024 жылдың 19 қарашасынан 2025 жылдың 24 наурызы аралығында негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы мерзімінде), (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен тоқсандық, жартыжылдық, жылдық бюджеттік және қаржылық есептілікті қабылдау, шоғырландыру, облыстық басқармаға уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді. Аудандық бюджеттің және аудан бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджеттік заңнамаларда белгіленген формада және мерзімде құрады және ұсынады, есеп саясатына мониторинг жүргізеді. «Ашық Бюджет» және «Е-Минфин» веб-порталына орналастырады. Қаржы бөлімін бухгалтерлік есебін жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды орындау барысында айлық, тоқсандық және жылдық есептерді құру, статистика бөліміне және салық басқармасына тоқсандық есебін өткізу, келесі қаржы жылына бюджеттік өтінімді құру. Бухгалтерлік құжаттамаларынын дұрыс және уақытылы дайындау, рәсімдеу. Облыс және аудан әкімінің алқасында берілген хаттамалық тапсырмаларды, сондай-ақ Жамбыл облысының қаржы басқармасының басқа да тапсырмаларын бюджеттік бағдарламалар бойынша жинақтап сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді жүргізеді. Қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қаржылық есеп жүргізу бойынша көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» талаптарына сәйкес «E-otinish kz» ақпараттық жүйесіне түскен өтініштерді мерзімде тіркеп орындалуын қамтамасыз етуді жүргізеді. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету.Басшының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар етеді. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау.Бөлімге, секторға жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану немесе ақпараттық жүйелер немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-3, 1 бірлік, № 01-04, (2024 жылдың 25 қарашасынан 2027 жылдың 03 қыркүйегі аралығында негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзімінде), (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, аудандық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеу, бекіту және жүргізу. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру жұмысын атқару. Аудандық бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу. Мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың жиынтық жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, төлемдер мен міндеттемелердің жиынтық жоспарын қазынашылық басқармасының базасына электрондық енгізу. Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру. Бюджет кодексінің талаптарына сәйкесжылдық, тоқсандық, айлық есептерді және мәліметті дайындау. Мекемелер бойынша штаттық саны және еңбек ақы қоры туралы есеп құрып, қаржы басқармасына уақытылы өткізу. Мекемелер бойынша ағымды бюджет және күрделі (даму бюджет) шығындар туралы есептер. Аудандағы ауыл округ бюджеттерінің кіріс және шығыс бөлігін орындалуына мониторинг жасау, мәліметті қаржы басқармасына ұсыну. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі туралы мәліметті әзірлеу («Ауыл ел бесігі», «Жұмыспен қамтудын жол картасы», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалар бойынша қаражаттың орындалуын бақылауда ұстау). Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау.Облыстық, аудандық хаттамалық тамсырмаларды орындау. Жоғарғы органдардан келіп түскен құжаттармен, бақылауда тұрған құжаттардың уақытылы орындауға. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Басшының берілген қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау.Бөлімге, секторға жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану немесе ақпараттық жүйелер немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20, 29 — жұмыс кабинеттері).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекенжайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.