ӨМІРБАЯН
ҚАРАБАЕВ МАДИЯР БАҚЫТБЕКҰЛЫ 1994 жылы 9 мамырда Өзбекстан Республикасы, Жизақ облысында дүниеге келген.
Ұлты: Қазақ. Білімі: Жоғары.
2010-2013 жылдары Қордай ауылы «Береке» Гуманитарлы-техникалық колледжінде «Құқықтану» мамандығын алып шыққан, 2013-2016 жылдары Шымкент қаласы Шымкент Университетінде «Тарих» мамандығын аяқтаған.
2017-2019 жылдары «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» қоғамдық-саяси газетінде журналист, 2019-2022 жылдары «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» қоғамдық-саяси газетінде бөлім басшысы, 2022-2023 жылдары Қордай аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында педагог ұйымдастырушы, 2023-2024 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы, Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.
2019-2023 жылдары «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы, 2019-2021 жылдары Қордай аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі,
Қордай аудандық мәслихатының VII және VIII шақырылымның депутаты болған.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.
БАҒДАРЛАМАСЫ
Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда;
Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының жайылым жерінің жетіспеу мәселесіне;
Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының көшелеріне жарықтандыру жүйесін қосуға;
Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының суармалы судың жетіспеу мәселесінің шешілуіне;
Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының көшелеріне инфрақұрылым жүргізуге;
Степной, Арал, Қалғұты ауылдарына балалар ойын алаңын салуға;
Степной ауылына спорттық сауықтыру кешенінің салынуына;
Степной ауылына фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысын жүргізуге бар күш-жігерімді саламын.
Өзекті мәселелерді қалай шешуге және ауылдардағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.