ҚОРДАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫНДАҒЫ ӨРЛЕУ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ №7 ХАТТАМАСЫ

0

Жамбыл ауылы                                         12.12.2025 жыл.

Жиналыс төрағасы: А.Бірімқұлов — Жамбыл ауылдық округінің әкімі

Жиналыс хатшысы: Р.Нурмаханбетова — Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Жиналысқа қатысқандар:

жергілікті қоғамдастық мүшелері – 12 адам;

көше тұрғындары – 16 адам.

Күн тәртібінде:

Жамбыл ауылындағы Өрлеу көшесін Ержан Байбағысов көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: А.Биримкулов – Жамбыл ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес («Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын беру, нақтылау және транскрипцияларын өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы») Жаңатұрмыс ауылындағы Өрлеу көшесін Ержан Байбағысов көшесі деп қайта атау туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын.

Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19-бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақбасқа да физикалық-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).

Сөйлегендер: Нуркеев Б, Ибрагимов А, Айткулова Г – жергілікті қоғамдастық мүшелері: Жаңатұрмыс ауылындағы Өрлеу көшесін Ержан Байбағысов көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймыз.

Сөйлеген: К.Жанабаева – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Жаңатұрмыс ауылындағы Өрлеу көшесін Ержан Байбағысов көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдай отырып, біз бұны орынды деп санаймыз. Ержан Байбағысов — 2-ші мотоатқыштар ротасының атқышы. 07.04.1995 жылы Тәжік-ауған учаскесінде ЖҚҮ шекараларын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық борышын өтеу кезінде қаза тапты. ҚР Президентінің 20.11.1996 жылғы № 3227 Жарлығымен қатардағы жауынгер ТМД-ның сыртқы шекараларын күзету жөніндегі әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін мерзімді қызметтегі Е.К. Байбагысов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды (қайтыс болғаннан кейін).

Сөйлеген: Ажикова Р – Өрлеу көшесінің тұрғыны. Көшеге қайта атау беру мәселесіне байланысты өткізіліп жатқан жиналыс дұрыс деп ойлаймын. Ономастикалық атауларды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты толық қолдаймын.

Тыңдалды: А.Бірімқұлов – Жамбыл ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, елді мекендердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне, олардың құрамдас құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау кезінде жергілікті халықтың пікірін ескеру тәртібімен, сондай-ақ ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында Жаңатұрмыс ауылындағы Өрлеу көшесін Ержан Байбағысов көшесі деп қайта атау туралы мәселе бойынша ашық дауыс беру өткізілді.

Қолдағандар: 28 адам;

Қарсы болғандар: 0 адам;

Қалыс қалғандар: 0 адам.

Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Жаңатұрмыс ауылындағы Өрлеу көшесін Ержан Байбағысов көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қолдағанын хабарлады.

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

  1. Жаңатұрмыс ауылындағы Өрлеу көшесі Ержан Байбағысов көшесі деп қайта аталсын.
  2. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, жергілікті және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен бұл ұсынысты облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

Жиналыс төрағасы                      А.Бірімқұлов

Жиналыс хатшысы                      Р.Нурмаханбетова

Leave A Reply

Your email address will not be published.