ҚОРДАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ҚАРАСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ

0

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жамбыл және Қарасай ауылдық округ әкімідікке «AMANAT» партиясынан және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Жамбыл ауылдық округіне Биримкулов Айдар Бекмуханбетович, 1987 жылы туған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі, Қордай ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі. Жамбыл ауылдық округіне Жәнетұлы Бауыржан, 1993 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Жамбыл ауылдық округіне Райымбекова Альмира Жумабаевна, 1987 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Қарасай ауылдық округіне Аманбаев Самат Салимович, 1988 жылы туған, Әлжан ана ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Қарасай ауылдық округіне Елемесова Кулжахан Алмасовна, 1965 жылы туған, Қарасай ауылдық округінің әкімі, Қордай ауданы Қарасай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қарасай ауылдық округіне Чайдилдин Дидар Асхарович, 1982 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Қордай ауданы Ноғайбай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.