Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылдық округі Күнбатыс-2 ауылындағы Шығыс көшесінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

0

Күнбатыс-2 ауылы
26.08.2022 ж
сағат 10.00
Жиналыс төрағасы: Х.Буларов
Жиналыс хатшысы: Т.Абдрасилов
Жиналысқа қатысқандар:
1) жергілікті қоғамдастық мүшесі -2 адам,
2) Шығыс көшесінің тұрғындары -30 адам.
Күн тәртібінде:
Масанчи ауылдық округі Күнбатыс-2
ауылындағы Шығыс көшесін «Өмірбек
Байділдаев» көшесі деп қайта атау туралы.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойын-
ша Х.Буларов, О.Копбаев сөз сөйледі.
Х.Буларов: Бүгінгі жиынға Шығыс көшесінен
30 тұрғын және 2 жергілікті қоғамдастық
мүшелері қатысып отыр. Күнбатыс-2 ауылының
Шығыс көшесі тұрғындарының өтініші бойынша
Шығыс көшесін – Өмірбек Байділдаев көшесі
деп қайта атау қажеттігі қарастырылып отыр.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-
аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24
ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа
ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле
отырып көше атауын қайта ату ұсынылады.
Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамы-
ту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік
ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи
әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі
тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары өз
ойларыңызды ортаға салыңыздар.
О.Копбаев: Қазіргі кезде тарихи
тұлғалардың атауына өзгерткен өте дұрыс деп
түсінеміз. Ауылымыздың көше атаулары тари-
хи атаулары мен байланыстырып атаған жөн.
Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін
зор қуаныш болды. Себебі Өмірбек Байділдаев
атамыз өзімізге жат кісі емес, өз ауылымыздың
тумасы. Дәл осы Шығыс көшесінде тұрған.
Ол бәрімізге белгілі. Осындай тұлғаның есімі
көшемізге берілсе біз үшін үлкен қуаныш.
Көше тұрғындарының атынан бірауыздан
қолдайтынымызды білдіреміз.
Масанчи ауылдық округінің әкімі м.а. тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында
ашық дауысқа салды.
Қарсы- жоқ.
Қалыс –жоқ.
Қолдағандар саны — 32 адам.
Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру
қорытындысы бойынша көрсетілген көшелерді
қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік
дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.
Жиынның шешімі:
1. Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі
Күнбатыс-2 ауылындағы Шығыс көшесін –
Өмірбек Байділдаев көшесі деп қайта аталсын.
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің
қорытындысы бойынша облыс әкімдігі
жанындағы онамастика комиссиясы отырысын-
да қарау үшін аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.
Жиын төрағасы Х.Буларов
Жиын хатшы Т.Абдрасилов

Leave A Reply

Your email address will not be published.