Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Береговая көше тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

0

Масанчи ауылы 17.01.2025 жыл сағат 10.00

Жиналыс төрағасы: Х.Буларов

Жиналыс хатшысы: В.Махоткина

Жиналысқа қатысқандар:

1)жергілікті қоғамдастық мүшелері — 1 адам,

2) Береговая көшесінің тұрғындары — 48 адам.

Күн тәртібінде:

Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Береговая көшесін – Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Х.Буларов, Р.Малиев сөз сөйледі.

Х.Буларов: Масанчи ауылдық округінің әкімі Береговая көшесінен 48 тұрғын және 1 жергілікті қоғамдастық мүшесі қатысып отыр. 2022 жылғы 23 мамырдағы облыс әкімнің қатысуымен облыс аумағында тұрғызылған ескерткіштер және өткізілген шаралар бойынша өткен кеңестің  №105 хаттамасының 1 тармағында берілген тапсырмасын орындау үшін Жамбыл облысының тумасы жазушы, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстаның халық жазушысы, ҚР Президенті Әкімшілігімен өзектендірілген № «555 Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген Шерхан Мұртазаның есімін Масанчи ауылындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген Береговая көшесіне қайта атау қажеттігі қарастырылып отыр. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Р.Малиев: Масанчи ауылындағы Береговая көшесінің атауын қазіргі кезде тарихи тұлғаның атауына өзгерткен өте дұрыс деп түсінемін. Ауылымыздың көше атаулары тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн.

Х.Буларов: Масанчи ауылдық округінің әкімі  тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы — 9.

Қалыс – жоқ.

Қолдағандар саны — 39 адам.

Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша көрсетілген көшелерді қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

Жиынның шешімі:

  1. Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі Масанчи ауылындағы Береговая көшесін – Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта аталсын.
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

Жиын төрағасы                                                            Х.Буларов

Жиын хатшы:                                                                В.Махоткина

Leave A Reply

Your email address will not be published.