Қордай ауданына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен келіп, ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті

0

Қордай ауданына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен келіп, ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Аталған жиынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы жаңа конституциялық реформаларды түсіндіру, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту және азаматтардың саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңызын кеңінен насихаттау болды.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, аудан әкімі Бегзат Болатбеков, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан Мәлік Отарбаев алдағы республикалық референдумның маңыздылығына тоқталып, бұл саяси науқан елдегі демократиялық қағидаттарды нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Келесі кезекте сөз алған Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұржан Молдабеков конституциялық өзгерістердің қоғам өміріндегі рөліне тоқталып, тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мықтыбек Алтыбай сөз сөйлеп, бірлік пен келісімнің қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті.

Жиын барысында аудандық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Камила Дургалова және «Отечество» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Любовь Харченко да сөз алып, референдумның мемлекет үшін маңызына тоқталды. Олар өз сөздерінде этносаралық келісімді нығайту, ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамыту, сондай-ақ жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Жиын қорытындысында қатысушылар конституциялық реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы референдумға белсенді қатысудың азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін білдірді.

#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.