Қордай ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері аудандағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері және Қордай ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар мүшелерімен кездесу өткізді

0

Қордай ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері аудандағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері және Қордай ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар мүшелерімен кездесу өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын жан-жақты түсіндіру, оның мазмұны мен енгізілетін өзгерістердің мән-маңызын талқылау болды.

Кездесу барысында коалиция мүшелері конституциялық реформалардың елдегі қоғамдық-саяси жаңғыру үдерісіндегі рөліне тоқталып, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру бағытында қарастырылып отырған бастамаларды баяндады. Сонымен қатар, жаңа жобаның әділетті әрі прогрессивті қоғам қалыптастыруға бағытталған негізгі қағидаттары кеңінен түсіндірілді.

Жиын аясында этномәдени бірлестік жетекшілері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар реформалардың қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң
#15марта
#ПоддержимКонституцию

Leave A Reply

Your email address will not be published.