Қордай ауданында 2024 жылы ауыл шаруашылығы саласында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 83 587,7 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,8% деңгейінде қалыптасты.
Егін шаруашылығы – 49 990,7 млн теңге (109,3%)
Мал шаруашылығы – 33 467,0 млн теңге (98,0%)
Егін шаруашылығы саласы
Аудан бойынша егістік жер көлемі 137,4 мың гектарды құрады. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 100,8 мың гектарға орналастыру жоспарланса, нақты егілген көлем 103,6 мың гектар болды. Бұл жоспардан 2,8 мың гектарға артық (102,8%).
Негізгі дақылдардың егістік көлемі:
Дәнді және бұршақты дақылдар – 63,6 мың га
Қант қызылшасы – 0,91 мың га (3,3 есе артты)
Картоп – 2,8 мың га (112,0%)
Көкөніс – 3,7 мың га (105,7%)
Мал азығы дақылдары – 30,0 мың га
Егін орағы нәтижелері:
Дәнді масақты дақылдар – 59 214 га жиналып, 95 898 тонна өнім алынды.
Күздік бидай – 21 616 га, өнімділігі 18,1 ц/га
Жаздық арпа – 37 598 га, өнімділігі 15,1 ц/га
Мал шаруашылығы саласы
Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 33 467,0 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 98,0% деңгейінде қалыптасты. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда 8 ірі жоба іске асырылып, 2 534,0 млн теңге инвестиция тартылды.
Инвестициялар және техника жаңарту
2024 жылы ауыл шаруашылығы саласына 2 867,7 млн теңге инвестиция тартылды.
Мал қора салуға – 2 534,0 млн теңге.
Су үнемдеу технологиясы және жаңа техника алуға – 333,7 млн теңге.
Ауданда 2 092 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар. Биыл 209 жаңа техника сатып алынды, оның ішінде:
Комбайн – 1
Трактор – 90
Басқа техника – 118
Техника жаңарту көрсеткіші 10%-ды құрады.
Минералды тыңайтқыштар және су үнемдеу технологиясы
2024 жылы 13,8 мың тонна тыңайтқыш алу жоспарланып, нақты жөнелтілгені 15,0 мың тонна (108,7%). Оның ішінде:
Аммиак селитрасы – 6,7 мың тонна
Аммофос – 0,6 мың тонна
Басқа тыңайтқыштар – 7,7 мың тонна
Су үнемдеу технологиясы енгізілген жер көлемі 16 219 гектарды құраса, биыл қосымша 968,5 гектар жерге жаңа жоба іске асырылды.