ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

0

Қордай ауданы бойынша Статистика басқармасы 1 тамыз күні басталатын ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінде басқарма мамандары барлық ауылдық округтерде санақ жұмысын енгізетін база мен техникалық қажеттіліктерді жасау үстінде.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы санағына қатысты үш мәрте аудан әкімінің орынбасары Ж.Бақаевтың қатысуымен кеңейтілген жиындар өткізілді.

Сондай-ақ, 19 ауылдық округ араланып, ауыл тұрғындарына санақ жұмыстарының маңыздылығы түсіндірілді.

Бұл шаралар ауыл шаруашылығы саласында деректер жинауды және олардың дәлдігін арттыруды, сондай-ақ ауыл тұрғындарының санаққа белсенді қатысуын қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.