Қордай ауданында референдумда дауыс беру аяқталды

0

Осымен Қордай ауданында референдумда дауыс беру аяқталды. Барлық сайлау учаскелері заң талаптарын сақтап, сақадай сай дайындықтарын көрсетті. Ешқандай заңбұзушылықтар орын алған жоқ.
Аудан тұрғындары таңнан кешкі сағат 8-ге дейін белсенділік танытып, өз азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Бұл референдум — халықтың бірлігі мен саяси мәдениетінің айқын көрінісі болды. Енді көпшілік шешімімен еліміздің болашағы үшін маңызды қадам жасалады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.