Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

0

ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

2024 жылғы «07» тамыз                    №37

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабқа сәйкес, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру:

1) Қақпатас ауылдық округі әкімі – Қақпатас ауылдық округі шекарасындағы Қақпатас сайлау округі.

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

 

Төраға                                      А. Сырлыбаев

 

Хатшы                                      Г. Ниязгулова

Leave A Reply

Your email address will not be published.