ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
2024 жылғы «07» тамыз №38
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
Төраға А. Сырлыбаев
Хатшы Г. Ниязгулова