ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БЕГЗАТ БОЛАТБЕКОВТЫҢ АСТАНА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті қордайлықтар!

Сіздерді сүйікті елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дархан даламыздың төсінде өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтеріп, арман мен мұраттың, жақсылық пен бейбітшіліктің символына айналды.

Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының көрінісі, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.

Астана Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.

Бүгінде қазақстандықтар бейбіт те бақытты заманда өмір сүруде. Қазақстандық Ұлы жолмен жүріп, еліміз дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, ал мемлекеттік сарабдал саясат экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етті.

Бұл біздің еліміз үшін күрделі сынақ кезеңінен сеніммен өтетін беріктік қорын қалыптастырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазіргі таңда дамудың жаңа жолына түскен Елордамыз бейбітшілік пен қоғамдағы келісімнің тірегі болып отырған күллі казақстандықтарды біріктіреді. Шахардың болашағы жарқын. Сондықтан бүгінгі жастар мен келешек ұрпақтың өз тағдырларын әлемдегі осынау ең көрікті қаламен тығыз байланыстыратыны заңдылық. Ал, бас қаланың қалыптасуына қордайлықтардың үлесі зор болғаны баршаға аян.

Алдағы уақытта да Астана қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сеніміміз мол.

Мереке құтты болсын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.