Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрінің өнімдерін қоса есептегенде 15121,4 тонна ет, 58599,8 тонна сүт, 19270,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 101 тонна ет, 480 тонна сүт, 20,3 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 73773 басқа, қой 434346 басқа, ешкі 12051 басқа, жылқы 17397 басқа, үй құстары 124833 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда ірі қара мал 11345 басқа, қой 4037 басқа, ешкі 612 басқа, жылқы 106 басқа азайып, үй құстары 4085 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі 2022 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 25273975 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2021 жылғы сәйкес кезеңге 97,9 %-ды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 55936119 мың теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 23071944 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 28464562 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 8733744 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 19730818 мың теңгеге сатылды.
ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР–ҚАРАША АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Prev Post
Next Post