ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 732,4 тонна ет, 4714 тонна сүт, 394,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 72,5 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 88816 басқа, қой 470312 басқа, ешкі 13556 басқа, жылқы 18883 басқа, үй құстары 139356 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда ірі қара мал 1394 басқа, қой 22332 басқа, жылқы 1251 басқа, үй құстары 13056 басқа көбейді, ешкі 150 басқа азайды.
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ.
2023 жылғы қаңтарда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 1873637 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 98%-ды құрады.
ИНВЕСТИЦИЯ.
Аудан бойынша қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 970491 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 2695034 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 811897 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 1883137 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.