Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады.
Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 2844,5 тонна ет (сойыс салмақта), 26 565,3 тонна сүт, 5 797,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 315,3 тоннаға сүт, 70 тоннаға ет артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 91172 басқа, қой 572192 басқа, ешкі 19527 басқа, шошқа 3285 басқа, жылқы 19143 басқа, үй құстары 120785 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда қой 24136 басқа, ешкі 250 басқа, шошқа 11 басқа, жылқы 1080 басқа көбейді, ал ірі қара мал 298 басқа, үй құстары 10979 басқа кеміді.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 8497413 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,1%-ды құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 8756901 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2466097 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 13631383 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 3995086 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 9636297 мың теңгеге сатылды.