Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 3889,9 тонна ет (сойыс салмақта), 33261 тонна сүт, 7397,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 380,3 тоннаға сүт, 110,1 тоннаға ет артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 88056 басқа, қой 532562 басқа, ешкі 12537 басқа, шошқа 1962 басқа, жылқы 20449 басқа, үй құстары 135544 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда ешкі 2297 басқа кеміді.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 10086102 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,4%-ды құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 18873591 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9781047 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 16880283 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 4852918 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 12027365 мың теңгеге сатылды.
Қордай аудандық статистика басқармасы