ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ТАМЫЗ АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4545,8 тонна ет (сойыс салмақта), 44222,1 тонна сүт, 13548,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 188,5 тоннаға ет, 383,8 тоннаға сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 87104 басқа, қой 523782 басқа, ешкі 12537 басқа, жылқы 20078 басқа, шошқа 1840 басқа, үй құстары 132639 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда ірі қара мал 3994 басқа, қой 36129 басқа, жылқы 1248 басқа, шошқа 467 басқа көбейіп, ешкі 2297 басқа, үй құстары 7304 басқа кеміді.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 12994586 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,4%-ды құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 22219971 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12124526  мың теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 23405383 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 6519296 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 16886087 мың теңгеге сатылды.

 

Қордай аудандық

Статистика басқармасы

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.