Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 5334,4 тонна ет (сойыс салмақта), 38915,3 тонна сүт, 16959,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 354,6 тонна ет кем, 328,8 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 85593 басқа, қой 464453 басқа, ешкі 6270 басқа, жылқы 16819 басқа, шошқа 1022 басқа, үй құстары 104392 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 11424 басқа, ешкі 5405 басқа, жылқы 1252 басқа, үй құстары 20869 басқа азайды, қой 39419 басқа, шошқа 511 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 18168636 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101,2 % құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 49152376 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 23465489 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 32967679 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 8814465 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 24153214 мың теңгеге сатылды.