Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады.
Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4824,8 тонна ет (сойыс салмақта), 36047,9 тонна сүт, 16024,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 239,4 тонна ет кем, 295,2 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 83477 басқа, қой 475121 басқа, ешкі 6920 басқа, жылқы 17349 басқа, шошқа 1089 басқа, үй құстары 110278 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 32094 басқа, ешкі 5406 басқа, жылқы 1234 басқа, үй құстары 20644 басқа азайды, қой 35168 басқа, шошқа 511 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 15932358 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101% құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 40430313 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 23267783 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 30002030 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 8450355 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 21551675 мың теңгеге сатылды.