ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-АҚПАН АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады.

Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 947,3 тонна ет (сойыс салмақта), 9755,7 тонна сүт, 1112,9 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 20,9 тонна ет, 81,6 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 87488 басқа, қой 474204 басқа, ешкі 8821 басқа,  жылқы 18388 басқа, шошқа 682 басқа, үй құстары 129866 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4950 басқа,  ешкі 381 басқа, жылқы 411 басқа көбейді, қой 3150 басқа, шошқа 987 басқа, үй құстары 4755 басқа азайды.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 3187278 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101%-ды құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 3879709 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 160804 мың теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 5626834 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 1814971 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 3811863 мың теңгеге сатылды.

Қордай ауданы бойынша

статистика басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.