ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАМЫР АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 2944,3 тонна ет (сойыс салмақта), 26720,1 тонна сүт, 5800,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 186,3 тонна ет, 154,8 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 89953 басқа, қой 557856 басқа, ешкі 15233 басқа, жылқы 19522 басқа, шошқа 1624 басқа, үй құстары 119153 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5393 басқа, ешкі 2804 басқа, жылқы 379 басқа көбейіп, үй құстары 1620 басқа, қой 14336 басқа, шошқа 663 басқа азайды.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 8558585 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101,1 %-ды құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар- мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 17889313 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2876017 мың теңгені құрады.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 16036501 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5637032 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 10399469 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.