ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 10402862 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 99,4%-ды құрады.
ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 23404117 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 18240016 мың теңгені құрады.
БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 19447990 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 6457448 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 12990542 мың теңгеге сатылды.