Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 1999,9 тонна ет (сойыс салмақта), 14238,5 тонна сүт, 3431,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 64,3 тонна ет, 105,1 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 90261 басқа, қой 536122 басқа, ешкі 8908 басқа, жылқы 18868 басқа, шошқа 1415 басқа, үй құстары 138866 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5574 басқа, ешкі 418 басқа, жылқы 411 басқа, үй құстары 4245 басқа көбейді, қой 4570 басқа, шошқа 767 басқа азайды.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 4878168 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 100,8%-ды құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11940891 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 1349816 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 9294183 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 3644871 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 5649312 мың теңгеге сатылды.
Қордай аудандық статистика басқармасы