Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады.
Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 3592,1 тонна ет (сойыс салмақта), 26298,6 тонна сүт, 11061,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 56,8 тонна ет кем, 298,2 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 88319 басқа, қой 486749 басқа, ешкі 8102 басқа, жылқы 18878 басқа, шошқа 1251 басқа, үй құстары 110278 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 30284 басқа, ешкі 6206 басқа, жылқы 1426 басқа, үй құстары 23852 басқа азайды, қой 32314 басқа, шошқа 512 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 12211546 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 100,2 %-ды құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 31330555 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 18580889 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 22972186 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 7270804 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 15701382 мың теңгеге сатылды.