Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 3930 тонна ет (сойыс салмақта), 31315,9 тонна сүт, 13606,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 91,8 тонна ет кем, 296,2 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 86201 басқа, қой 479885 басқа, ешкі 8102 басқа, жылқы 18523 басқа, шошқа 1199 басқа, үй құстары 110278 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 32253 басқа, ешкі 6206 басқа, жылқы 1429 басқа, үй құстары 22814 басқа азайды, қой 29883 басқа, шошқа 512 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 14101188 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 100,9% құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 33624740 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 19178406 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 26763845 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 8065191 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 18698654 мың теңгеге сатылды.