Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 10435,1 тонна ет (сойыс салмақта), 47108,5 тонна сүт, 19508,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 471 тонна ет кем, 477,3 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 90264 басқа, қой 428790 басқа, ешкі 8671 басқа, жылқы 20159 басқа, шошқа 1244 басқа, үй құстары 105899 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1334 басқа, қой 20284 басқа, жылқы 63 басқа, шошқа 489 басқа көбейді, ешкі 5715 басқа, үй құстары 29029 басқа азайды,
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 21658075 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101,1 % құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 60914981 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 30881681 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 41936103 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 12202422 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 29733681 мың теңгеге сатылды.