ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4924,5 тонна ет (сойыс салмақта), 36409,5 тонна сүт, 15823 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 99,7 тонна ет, 361,6 тонна сүт артық, 201,4 мың дана жұмыртқа кем алынды.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 34951091 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 9416883 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 25534208 мың теңгеге сатылды.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 32935832 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2024 жылғы сәйкес кезеңге 122,6% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 31758952 мың теңгені құрады, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 41875123 мың теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.