ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАМЫР АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 1934,1 тонна ет (сойыс салмақта), 19039,5 тонна сүт, 5482,4 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1666,8 тонна ет, 338,8 мың дана жұмыртқа кем, 200,8 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдерінің көбеюі есебінен мүйізді ірі қара мал саны 93273 басқа, қой 503045 басқа, ешкі 18302 басқа, жылқы 20401 басқа, шошқа 1280 басқа, үй құстары 100921 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6119 басқа, қой 16460 басқа, ешкі 6 басқа, шошқа 544 басқа, жылқы 729 басқа көбейді, үй құстары 18331 басқа азайды.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 17967232 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 6114305 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 11852927 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.