ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-СӘУІР АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 1430,3 тонна ет (сойыс салмақта), 14683 тонна сүт, 4290,3 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 877,8 тонна ет, 339,2 мың дана жұмыртқа кем, 96,8 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдерінің көбеюі есебінен мүйізді ірі қара мал саны 93418 басқа, қой 482698 басқа, ешкі 16845 басқа, жылқы 20426 басқа, шошқа 1194 басқа, үй құстары 100921 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5953 басқа, қой 6529 басқа, шошқа 471 басқа, жылқы 1093 басқа көбейді, ешкі 982 басқа, үй құстары 28331 басқа азайды.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 13519490 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 4958976 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 8560514 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.