Қордай ауданының ақсақалдары мен әжелері референдумда белсенділік танытты

0

Қордай ауданының белсенді ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер де осы саяси науқанда белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. №249 референдум учаскесіне келген қазыналы қарттар аталы сөздерімен көшілікті белсенді болуға шақырды.
«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Халқымыз тарих таңдауын жасауда. Біз, қариялар қауымы, бұл бастаманы құптаймыз және қолдаймыз. Сол себепті еліміз, балалары мен немерелеріміздің жарқын болашағы үшін бүгін дұрыс таңдау жасадық. Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз аман, халқымыз тыныш болсын, бейбіт заман мәңгілік болсын», – дейді олар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.