Қордай ауданының көлік инфрақұрылымын дамыту мен жол жағдайын жақсарту мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып, ауылдық аймақтарда тұрғындар үшін сапалы көлік қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды шаралар атқарылды.
2024 жылы Қордай ауданында көлік инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша үш негізгі жол жөндеу жобасы іске асырылды. Бұл жобалар ауданның транспорттық қолайлығын арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Қаракемер-Қарасай-Еңбекші және Ноғайбай ауылдарына кіреберіс жолдары толық жөнделіп, пайдалануға берілді.
Отар-Үлкен Сұлутөр-Көктөбе жолының орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жол стратегиялық маңызға ие, себебі ол ауданның көптеген елді мекендеріне тікелей қатынасты қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 жоба жоспарланып, оның ішінде Бетқайнар, Сұлутөр, Ноғайбай, Беріктас, Сарыбұлақ ауылдарында жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, көлік қатынасын жақсартты. Степное және Қарасу елді мекендерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.
2024 жылы жүзеге асырылған жобалар ауылдық аймақтардағы жол қатынасының сапасын арттыруға және көлік инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жасауға мүмкіндік берді.