ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ТАУАР ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

0

Осы уақытқа дейін қолданыста болып келген СТ-KZ және индустриялық сертификаттары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануына байланысты жойылады.

Оның орнына, тауардың қазақтандық тегін растаудың құралы ретінде «Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі» (бұдан әрі — Тізілім) енгізіледі. Кәсіпкер өз еркімен онлайн күйде қажетті талаптарды орындай отырып, Тізілімге ену мүмкіндігі болады. Тізілімге енуі, тауар өндіруші кәсіпкерге отандық өндірісті қолдауға бағытталған шараларға кеңінен қол жетуіне, мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуына белсенді әрі басымды түрде қатысуына орасан зор мүмкіндік береді.

Отандық тауар өндірушілер тізіліміне ену үшін e-ondiris.gov.kz цифрлық платформасына тіркеліп, өтінім беру қажет, бұл ресми «Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі» болып табылады.

Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне кәсіпорынның тауарын енгізу туралы сұрақтар болған жағдайда, тікелей ҚР өнеркәсіп және құрылыс Министрлігіне қайырылуға болады:

e-Otinish порталы арқылы;

e-ondiris@mps.gov.kz электронной пошта арқылы;

Арнайы чат: https://t.me/EONDIRISChat_bot;

1465 сенім телефоны арқылы;

Кәсіпорындарға арналған оқыту вебинарлары апта сайын бейсенбі күндері сағат 10:00-де өткізіледі. Қатысу үшін сілтемелер Министрліктің және «QazIndustry» АҚ сайттарында жарияланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.