Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндірілді.
Жиын барысында сөз алған әкім орынбасары конституциялық реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайту екенін атап өтті. Сондай-ақ, өзгерістердің елдің саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететініне тоқталды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлер мен тұрғындар өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.