«Қордай» ауылшаруашылық колледжі ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық реформалардың мән-мазмұнын кеңінен түсіндіру, олардың ел дамуына қосатын үлесі мен маңыздылығын педагогикалық ұжымға жеткізу болды.
Кездесу барысында Ноғайбай ауылдық округінің әкімі Е.Ешмұрат сөз сөйлеп, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол бұл өзгерістер елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Өз кезегінде колледж директорының міндетін атқарушы Г.Каримова ұсынылып отырған толықтырулар білім беру саласының дамуына да оң ықпал ететінін айтып, ұжым тарапынан реформаларды қолдау маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, конституциялық өзгерістердің қоғам үшін өзектілігі жөнінде ой алмасты.