Қордай ауылындағы №17 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорт саласының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған жиын өтті.

0
 Іс-шараның мақсаты – конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіру және сала мамандарының пікір алмасуына мүмкіндік жасау.
Жиын барысында Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғ. Әлімжанов сөз сөйлеп, Конституция жобасына енгізілетін өзгерістердің ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, №17 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Насыр Талғат Төлегенұлы да пікір білдіріп, ұсынылып отырған бастамалардың қоғам өміріндегі рөліне назар аударды.
Кездесу қорытындысында қатысушылар Конституция жобасын жан-жақты талқылап, ел болашағына қатысты маңызды бастамаларға бейжай қарамай, ортақ іске белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.