Қордай ауылындағы «Самал» ықшам ауданында ауыл әкімінің орынбасары М.Оналбаев тұрғындармен кездесу өткізді.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты таныстырылып, олардың ел дамуы үшін маңызы кеңінен түсіндірілді.
Ауыл әкімінің орынбасары конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, бұл бастамалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістер қоғам сұранысына сай жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Кездесу барысында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, көкейде жүрген сұрақтарын қойды.