ҚОРДАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫ КӨШЕСІН БАУЫРЖАН НҰРМАХАНБЕТОВ КӨШЕСІ, ШӨМІШ КӨШЕСІН ДАСТАН НҰРМЕТОВ КӨШЕСІ ДЕП ҚАЙТА АТАУ ТУРАЛЫ №2 ХАТТАМАСЫ

0

Қордай ауылы                            12.12.2025 жыл.

Жиналыс төрағасы: А.Қаспақбаев — Қордай ауылдық округінің әкімі

Жиналыс хатшысы: А.Тынышкул — Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Жиналысқа қатысқандар:

жергілікті қоғамдастық мүшелері – 25 адам;

көше тұрғындары – 45 адам.

Күн тәртібінде:

Қордай ауылындағы Жеңістің 50 жылдығы көшесін Бауыржан Нұрмаханбетов көшесі, Шөміш көшесін Дастан Нұрметов көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: А.Каспакбаев – Қордай ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес («Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын беру, нақтылау және транскрипцияларын өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескру қағидаларын бекіту туралы») Қордай ауылындағы Жеңістің 50 жылдығы көшесін Бауыржан Нұрмаханбетов көшесі, Шөміш көшесін Дастан Нұрметов көшесі деп қайта атау туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын.

Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19- бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).

Сөйлегендер: И.Аманов Д.Алимбаева, М.Оспаниязова – жергілікті қоғамдастық мүшелері: Қордай ауылындағы Жеңістің 50 жылдығы көшесін Бауыржан Нұрмаханбетов көшесі, Шөміш көшесін Дастан Нұрметов көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймыз.

Сөйлеген: Б.Байшымыров- жергілікті қоғамдастық мүшесі: Дастан Тоқмағанбетұлы Нұрметов — Жамбыл облысы Қарасу ауылында дүниеге келген. Қарасу ауылының 4 сыныптық білім беретін мектепте оқыған. Ауылындағы 4 сыныпты мектепті тәмандаған соң А.Cуханбаев кең шарындағы 11 сыныптық орта мектепте оқыды. 07.04.1995 жылы Тәжік-ауған учаскесінде ЖҚҮ шекараларын қорғауды қаматамасыз ету жөніндегі халықаралық борышын өтеу кезінде қаза тапты. Қазақстан Республикасы Президентінің 20.11.1996 жылғы №3227 Жарлығымен қатардағы жауынгер ТМД-ның сыртқы шекараларын күзету жөніндегі әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін мерзімді қызметтегі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Бауыржан Мәлікұлы Нұрмаханбетов — 1988 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында дүниеге келген. Қордай ауылындағы №1 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясында оқыған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Заң және құқықтану» факультетін және әскери кафедрасын бітіріп, лейтенант шенін алған. Алматы қаласындағы ІІД Жол-патрульдік полициясының батальоны қызметінің жол патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. 2016 жылы 18 шілде күні тұрғындарға қауіп төндірген терактінің алдын алу мақсатында қылмыскер отырған көлікті тоқтатып, залалсыздандырмақ болған кезде ауыр жарақат алып, қайтыс болды.

Бұл бастама өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде үлкен маңызға ие деп есептейміз.

Сөйлеген: С.А.Фатерин, Ю.В.Хорошевский – Шөміш көшесінің және Жеңістің 50 жылдығы көшесінің тұрғындары. Көшеге қайта атау беру мәселесіне байланысты өткізіліп жатқан жиналыс дұрыс деп ойлаймыз. Ономастикалық атауларды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты толық қолдаймыз.

Тыңдалды: А.Каспакбаев– Қордай ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, елді мекендердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне, олардың құрамдас құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау кезінде жергілікті халықтың пікірін ескеру тәртібімен, сондай-ақ ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында Қордай ауылындағы Жеңістің 50 жылдығы көшесін Бауыржан Нұрмаханбетов көшесі, Шөміш көшесін Дастан Нұрметов көшесі деп қайта атау туралы мәселе бойынша ашық дауыс беру өткізілді.

Қолдағандар: 70 адам;

Қарсы болғандар: 0 адам;

Қалыс қалғандар: 0 адам.

Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қордай ауылындағы Жеңістің 50 жылдығы көшесін Бауыржан Нұрмаханбетов көшесі деп, Шөміш көшесін Дастан Нұрметов көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қолдағанын хабарлады.

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

  1. Қордай ауылындағы Жеңістің 50 жылдығы көшесі Бауыржан Нұрмаханбетов көшесі деп қайта аталсын.
  2. Қордай ауылындағы Шөміш көшесі Дастан Нұрметов көшесі деп қайта аталсын.
  3. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, жергілікті және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен бұл ұсынысты облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

Жиналыс төрағасы                              А.Қаспақбаев

Жиналыс хатшысы                              А.Тынышкул

Leave A Reply

Your email address will not be published.