Қордай ауылында көше жарықтандыру жүйесі жаңартылуда
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Қордай ауылында көше жарықтандыру жүйесін жаңарту жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда аталған жұмыстар аясында ауылдың 20-дан астам көшесінде 500-ге жуық жарық шамы жаңартылды.
Жаңғырту барысында ескі шамдар заманауи, жарық беру қуаты жоғары жаңа үлгідегі шамдарға алмастырылды.
Айта кету керек, көше жарығын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, алдағы уақытта ауылдың өзге де көшелерін қамту жоспарлануда.
Қордай ауылында көше жарықтандыру жүйесі жаңартылуда
Prev Post