ҚОРДАЙ КӨРКІ – ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК

0

Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың бастамасымен Қордай ауылының орталық көшесінде экологиялық  жобалар аясында тал отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шара аудан орталығының көркін ашып, оны жасыл желекке айналдыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Аталмыш бастаманың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, елді мекенді көріктендіру және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту. Тал отырғызу – табиғатты қорғаудың тиімді тәсілі ғана емес, сонымен қатар ауаның тазалығын арттырып, тұрғындардың денсаулығына оң әсерін тигізетін игі іс. Қордай ауылының тұрғындары аталған бастаманы зор қуанышпен қабылдады.

«Талдарды отырғызу біз үшін үлкен қуаныш. Таза ауаны, табиғаттың сұлулығын сақтап қалу – ортақ міндетіміз. Бұл жобаны толық қолдаймыз және өз тарапымыздан да атсалысатын боламыз», – деді жергілікті тұрғындардың бірі. Ал, Қордай ауылының әкімі Әділет Қаспақбаев егілген жасыл желектерге ауыл тұрғындары ұқыпты қарап, ортақ үйіміздің көркін арттыруға белсенді қатысады деген сенімін білдірді. Іс-шара барысында орталық көше бойына емен, сібір шыршасы, қайың, самшит, барбарис, үйеңкі, шетен (рябина), тау емені, спирея, гортензия сынды жүздеген ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан орталығының көшелерін одан әрі көркейту мақсатында «Голландия қызғалдағы» гүлдері отырғызылатыны белгілі болды.  Бұл – Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының аудан көлемінде кеңінен қолдау тауып отырғанын көрсетеді. Ауылдың орталық көшесіне отырғызылған әрбір тал – табиғатқа деген жауапкершілігіміздің, экологиялық мәдениетіміздің белгісі. Бұл – болашақ ұрпақ үшін таза, жасыл орта қалыптастыру жолындағы кішкентай болса да

маңызды үлес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.