«ҚОРДАЙ ЖЕРІНІҢ ДАРА ТҰЛҒАЛАРЫ» АТТЫ ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРМЕК

0

Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялағаны баршаға мәлім. Сонымен қатар облыс әкімі Ербол Қарашөкев «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында тұрғындарды кітап оқуға шақырды. Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп белгіленді. Осыған байланысты «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газеті мен «КИИК» ақпарат баспа компаниясының бірлескен жобасы іске аспақшы.

Жоба мақсаты Қордай ауданының әлеуметтік- экономикалық дамуына мол еңбек сіңірген жандар туралы арнайы жинақ шығару. «Қордай даласының дара тұлғалары» атты кітапқа бар саналы ғұмырын еңбекке арнап, биік белестерді бағындырған жандар мен қарапайым еңбек адамының өмір жолы кірмекші.

Осыған байланысты сіздерден аталмыш кітапқа лайықты деген жанның өмір мен еңбек жолы және жақсы фотосуретін төменде көрсетілген электрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз.

Кітапқа ену үшін мынадай шарттарды орындау қажет!

Текст міндетті түрде электронды түрде (ворд), 14 қаріпімен А4 форматында екі беттен аспауы тиіс. Әрине, барлық жұмыстар ақылы түрде жүргізілетін болады.

Әр тұлға үшін 20 мың теңге.

Қордай ауданының тарихында қаламын, өскелең ұрпаққа өнегелі өмір жолымды паш етемін немесе ауданның өмірінде айшықты ізі қалған жақындарыңыз туралы кітапқа шығарамын, деген жандар үшін мархабат. Ал, кітапқа демеушілік көресетемін, жақсы жандардың есімі аудан тарихында алтын әріппен қалуы тиіс, деген азаматтар болса бізге хабарласуды сұраймыз.

Электронды пошта: mayak1932@mail.ru.

Ақпарат үшін телефон номерлері: 2-13-98, 87021735737

Leave A Reply

Your email address will not be published.