«AMANAT» партиясы белсенділер қатарында
Бала адамның бауыр еті, «Барым да, байлығым да – балаларым», деп өмір сүрген халықпыз. Бар игілігіміз — балаларға!
«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы, аудандық мәслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене қатысты. «Бақытты отбасы» жобасы аясында өткізілетін шараның басты мақсаты жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету.
«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы, аудандық мәслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдары көмекке мұқтаж 38 оқушыға сапалы мектеп формасы мен қажетті құралдарын сыйлады. Ата-аналар барлық демеушілер мен осы істің ұйытқысы болып жүрген қайырымды азаматтарға алғыстарын білдірді.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан мектеп формасы мен қажетті құрал жабдықтар алуға елімізде бес жүз мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы оқушылар қамтылды.
Шекарашылар да көмегін аямады
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты бағдарлама аясында іс-шара ұйымдастырылып, Қордай ауылында орналасқан «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында» тұрып жатқан мектеп жасындағы балаларға мектепке баруына киім-кешек алып беріп, қуаныш сыйлады.
Ауыл болып акцияға қатысты
№42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебі бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында Кенен ауылында жұмыстар жүргізілді. Акция барысында ауыл имамы Саят Рахимовтың ұйымдастыруымен, 15 оқушы мектеп сөмкелері және оқу құралдарымен жабдықталды. «Аманат» партиясының тартуымен 1 оқушы мектеп формасымен қамтылса, жеке кәсіпкерлер Ж.Кәкетаев, Ж.Уманов және Т.Медеуованың демеушілігімен 5 оқушыға мектеп формасы және оқу құралдары берілді. Мемлекеттік қаржылай көмекті 103 оқушы алды.
Отар ауылдық округіне қарасты Гвардейский кентінде «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға арналған жәрмеңке өткізілді. Аталмыш шарада аудан кәсіпкерлері мектеп формаларын, аяқ-киім, сөмке, дәптер т.б. кеңсе заттарын кең көлемде және тиімді бағамен сатып алушыларға ұсынды.
120 оқушы қамтылған
Сортөбе ауылдық округінде «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ, ата-анасының қамкорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау керсету. Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге Сортөбе ауылының жас-тары белсенді қатысып, ауылдық округтегі мектептердің 120 оқушысын (Nº18,48,19,16, 17) қажетті мектеп кұрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті. Ауылдық мәдениет үйінде жылы және достық атмосферада сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті. Округ әкімінің орынбасары Харсанов Любай Бекирович барлық демеушілер мен белсенділерге алғысын білдіріп, болашақ ұрпаққа қамкорлық пен көңіл бөлу екенін жеткізді.