Қордайдағы Даңқ аллеясы жаңартылды

0

«Адам көркі – шүберек» десек, ауыл көркі – тазалық екені шындық. Ал, сол ауылдың ажарлануы тұрғындардың, сонымен қатар басшылықтың қолында. Биыл Қордай ауданында тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлінгеніне, сонымен қатар инфрақұрылым да жаңартылғанына көпшілік куә. Соның бір дәлелі ретінде Қордайдағы орталық алаңда жөндеу жұмыстары өтті.

Орталық алаңдағы Даңқ аллеясы көптен бері жаңартылмағаны рас. Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысында шейіт болған аталарымызды ұлықтайтын ескерткіш маңы тозыңқырап қалған болатын. Осы орайда, аудан әкімінің тапсырмасымен Даңқ аллеясын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде жұмыстар аяқталып, тұрғындар игілігіне тапсырылды. Абаттандыру жұмысын мердігер «BIG building NS» ЖШС жүргізді. Олар жарамсыз болып қалған ескерткіштерді қаптау элементтерін ауыстырды, жаңа төсеніш, брусчатка төседі, жаңа жарықтандыру, орындықтар орнатты, суару жүйесі мен жаңа көгал отырғызды. Сондай-ақ, көзге алыстан менмұндалап көрінетін 6х3 метрлік үлкен Ту орнатты.

Қордай ауылының орталық көшесінде орналасқан аллея тұрғындардың сүйікті демалыс орны, мұнда түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Оның жаңа келбеті көпшіліктің көңілінен шыққанына күмән жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.