Қордайда қызмет ететін жас офицер – ел мақтанышы

0

Қордайда қызмет ететін жас офицер – ел мақтанышы

7 мамыр – Отан қорғаушы күні қарсаңында Қордай ауданында ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жас офицерлердің еңбегі ерекше атап өтіледі.

Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде абыройлы қызмет атқарып жүрген Дарын Сейдахан. Алматы қаласында дүниеге келген ол Қарағанды қаласындағы Т.Бигельдинов атындағы «Жас ұлан» мектеп-интернатында білім алып, кейін ҚР ҰҚК Шекара академиясын тәмамдаған. Бүгінде лейтенант шеніндегі жас маман «Қордай» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары қызметін атқарады.

Дарын Мадиярұлының негізгі міндеті – мемлекеттік шекараны күзету, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери тәртіптің сақталуын қадағалау. Ол өз қызметінде жоғары жауапкершілік танытып, сарбаздар арасында бірлік пен тәртіпті нығайтуға үлес қосып келеді.

💬 «Әскери қызмет – бұл Отанға деген адалдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Барша әріптестерімді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!» – дейді жас офицер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.