ҚОРДАЙДА ИНДУСТРИАЛДЫ САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КЕШЕН САЛЫНБАҚ

0

Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі аумағындағы «Қарасу» өткізу бекетінің қасынан Индустриалды сауда-логистикалық кешенінің құрылысын жүргізу туралы ауқымды жоспар бар. Бұл бойынша 2023 жылдың 9 маусымында Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттері арасында Үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын. Жоспар бойынша «Алатау» атты Индустриалды сауда-логистикалық кешенінде бизнес, логистика, өндіріс және туризмнің дамуына жағдайлар жасап, үлкен инвестиция тартылмақ. Осы жұмыстарды жүзеге асыру бойынша Президенттің де тапсырмасы бар.

Осы орайда Қордай ауданына Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев келіп, жергілікті атқарушы органдар және шекарашылармен кездесу өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатовтың төрағалығымен өткен жиында жо-ғарыда аталған Индустриалды сауда-логистикалық кешенінің құрылысы, «Қарасу» бақылау-өткізу пунктін реконструкциялау және де ауқымды құрылысқа қажетті жер алқаптарын бөлу мәселелері талқыланды.

Кездесуде елші Рәпіл Сейітханұлы бұл ауқымды жоспарларды іске асыру Қордай ауданының дамуына үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Себебі, шетелдік инвесторлардың тарапынан түрлі зауыт, фабрикалар, қонақ үй, қоғамдық тамақтану орындарын салу туралы ұсыныстар түсіп отыр. Өз кезегінде Бақыт Оңласынұлы жергілікті атқарушы органдардың тарапынан барлық қолдаулар болатынын жеткізсе, шекара басқармасының өкілдері де «Қарасу» бақылау-өткізу пунктін реконструкциялау мәселесіне атсалысатындарын атап өтті.

Кездесуден кейін Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев бастаған жұмысшы топ өкілдері Ауқатты ауылындағы бақылау-өткізу пунктіне барып, шекарашылармен бірге өткізу әлеуетін арттыру мәселесін талқылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.